ГлавноеНазначения и отставки

Қай министрлер өз орнын сақтап қалды

Бүгін Олжас Бектенов Премьер-министр қызметіне тағайындалды. Содан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет қайта жасақталып, министрліктердің басшылары сайланды. Сонымен министр өз қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

  1. Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымын сақтап қалды.
  2. Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды.
  3. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Сәденовті Қазақстанның ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындады.
  4. Азамат Есқараев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әділет министрі лауазымында қалды.
  5. Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі қызметінде қалды.
  6. Айдарбек Сапаров Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында қалды.
  7. Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына қайта тағайындалды.
  8. Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды.
  9. Ерлан Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып қайта тағайындалды.
  10. Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымын сақтап қалды.
  11. Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып қайта тағайындалды.
  12. Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына қайта тағайындалды.
  13. Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып қайта тағайындалды.
  14. Марат Қарабаев Көлік министрі болып қалды.
  15. Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды.
  16. Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Тиісті құжаттар Ақорда сайтында жарияланды

 

Другие новости

Back to top button