Социум

Путин Рождество күні оқ атпау туралы бұйрық берді: Зеленский мұны «діни мейрамды қалқан ретінде пайдалану» деп бағалады

Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуге Рождество қарсаңында 36 сағатқа оқ атуды доғару туралы бұйрық берді. Сонымен қатар Украинаны да осы үлгіні ұстануға шақырды. Дегенмен Владимир Зеленский мұны «діни мейрамды қалқан ретінде пайдалану» деп атады. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

 

 

Путин татулық туралы бұйрықтың 6 қаңтар 12:00-ден бастап, 7 қаңтар 24:00-ге дейін өз күшінде болатынын мәлімдеді. Бұған дейін Ресей православ шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл дәл осы уақыт аралығында оқ атуды доғаруға шақырған.

Кейін Путин патриархтың бұл ұсынысымен келісіп, тиісті бұйрық шығарды.

«Әскери іс-қимыл жүріп жатқан аймақта православ дінін ұстанатындар көп болғандықтан Украинаны оқ атпау режимін жариялап, оларға рождестволық сочельник қызметіне бару үшін мүмкіндік беруге шақырамыз», – делінген Путиннің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Владимир Зеленский өзінің кешкі үндеуінде ресейліктердің бұл ұсынысына қатысты пікір білдірді.

«Олар қазір Рождествоны қалқан ретінде пайдаланып, Донбасстағы біздің жігіттердің алға жылжуын кішкене болсын тоқтата отырып, техникаларын жақындатып алмақшы. Бұл не береді? Көз жұматындар саны одан әрі артады. Кремльдің соғыстағы үзілісті қалай пайдаланатынын барлығы біледі. Ал соғысты аяқтау үшін мүлде басқа нәрсе керек. Ресей азаматтары 36 сағатқа болсын Кремльдегі бір адам алдындағы қорқыныштарынан арылу керек», – деді Украина президенті.

Другие новости

Back to top button