Выбор редакцииГосорганы

Прокуратура «Өнер қырандары» театрын тексеріп жатыр

«Өнер қырандары» театры Алматыдағы Республика сарайымен келіспей, концерт өткізетінін хабарлап, билет сатқан деп хабарлайды Экспресс К.

 

Желіде 24-25 желтоқсанында Республика сарайында «Өнер қырандары — Харекет қорына 5 жыл» іс-шарасын өткізу туралы жалған ақпарат тарауда. Бұл туралы «Алматы әуендері» хабарлады.

Ұйымдастырушымен аталған іс-шараны өткізуге шарт жасалмаған. Сонымен қатар аталған күндері Республика сарайында «Жаңа жылдық шоу» өткізу жоспарланған,

-делінген хабарламада.

Осыған қарамастан «Харекет» қайырымдылық қоры» ҚҚ және «Өнер қырандары» театрының өкілдері іс-шараны өткізу туралы жалған ақпарат таратуды жалғастырып жатыр екен.

Сондай-ақ билеттерді Kassir.kz арқылы сатқан. Тиісті құқық органдарының тексеруімен аталған шараның өту күні жалған екені анықталды,

-делінген хабарламада.

Енді 24- 25 желтоқсанда өтетін «Өнер қырандары — Харекет қорына 5 жыл» концертіне сатылған барлық билеттің күші жойылды. Билет ақшасы kassir.kz сайтында белгіленген ереже бойынша қайтарылмақ.

Другие новости

Back to top button