ГлавноеГосорганы

Президенттікке үміткердің 3 млн теңге көлеміндегі жарнасы кімге қалады

Орталық Сайлау комиссиясының өкілдері осы сұрақтарға жауап берді

Президенттікке үміткер ретінде тіркелгісі келген адам Орталық Сайлау комиссиясының есепшотына ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерін салу керек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазір Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңге болғандықтан, биылғы президент сайлауына кандидат болғысы келген адам 3 млн теңге көлемінде салуы керек.

Бүгін ОСК брифинг кезінде бұл жарна сайлаудан кейін кандидаттың өзіне қайтарыла ма әлде бюджетке өте ме деген сұрақ қойылды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабира Мұстафина жарна қандай жағдайда қайтадан кандидаттың өзіне қайтарылатынын түсіндірді.

«Қазақстан Республикасындағы «Сайлау туралы» конституциялық заңның 54-бабында республика президенттігіне кандидат адамға қойылатын талаптар жазылған. Президенттікке кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген жарнасын енгізеді. Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат республика президенті болып сайланса немесе дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс бергендердің кемінде 5 пайыз дауысын алса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда жарна кандатқа қайтарылады», — деді Мұстафина.

Ал басқа жағдайда 3 млн теңге көлеміндегі жарна республикалық бюджетке өтеді.

Другие новости

Back to top button