Госорганы

Президенттік жастар кадр резервінің 264-і жұмысқа орналасқан

Резервке жалпы 350 адам қабылданған

Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Агенттік іріктеудің барынша ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Кандидаттарды бағалау нәтижелері олардың жеке кабинетінде және кезең қорытындысы бойынша pkrezerv.gov.kz жарияланып, барлық азаматтар үшін қатысушылар туралы ақпарат қолжетімді болады», — деді ол.

Өз сөзінің соңында МҚІА төрағасы Қазақстан жастарын Президенттік жастар кадр резерві іріктеуіне белсенді қатысуға шақырып, кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру маңыздылығын атап өтті

«Агенттік мәліметіне сәйкес, Президенттік жастар кадр резервіне алынған 350 адамның 264-ы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни жалпы санының 75%-ы жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінде 128 адам орталық мемлекеттік органдарда, 38 адам жергілікті атқарушы органдарда, 57 адам ұлттық компанияларда, 41 адам адам өзге де ұйымдарда қызмет атқаруда. Олардың қатарында 31 резервші саяси лауазымдарға,  6 резервші «А» корпусының лауазымдарына тағайындалса, бір резервист Мәжіліс Парламенті және 2 резервист мәслихат депутаты болып қызмет атқаруда», — деді ол.

 

Другие новости

Back to top button