ГлавноеГосорганы

Президент сайлауынан кейін үкімет отставкаға кете ме: Тоқаев жауап берді

Опубликовано: Жомарт Тоқаев журналистердің президент сайлауынан кейін үкімет отставкаға кете ме деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев Оқушылар сарайында дауыс берген соң журналистер оған сайлаудан кейін саяси қайта құру бола ма және ел үкіметі отставкаға кете ме деген сұрақ қойды.

«Саяси қайта құруға тоқталсақ, мен айтқанымдай, саяси реформаларды жалғастыру керек, әйтпесе тоқырау болады. Екінші жағынан, заң бойынша президенттік сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетуге міндетті емес. Бұл әдетте парламент сайлауынан кейін міндетті түрде іске асырылады. Парламент сайлауының мерзіміне келетін болсақ, жыл соңында мен бұл туралы арнайы мәлімдеме жасаймын. Сондықтан үкімет жұмысын жалғастырады, бірақ үкімет құрамында басқа ведомстволардағы сияқты, әрине, өзгерістер жасалады», — деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, осы сағатқа дейін президенттікке кандидаттардың төртеуі — Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қарақат Әбден және Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беріп үлгерді.

Другие новости

Back to top button