Президент Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдады
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2022/09/wfw7gjvh2dh8guffdyh3addcufhw1jfuoxwcrabz.jpg_width1200xheightautoxtype1-780x470.webp)
Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задені қабылдады.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.
Кездесуде конфессияаралық диалог халықаралық қауымдастықты біріктіру жолдарын бірлесіп іздеудің маңызды құралы екені айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік рухани көшбасшылар съезінің қорытындысы жаһандық сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұруға ықпал етіп, ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бауырлас Қазақстан мен Әзербайжан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастық байланыстарын нығайтудың маңызды екенін атап өтті.
Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Бакуге сапарының қорытындысына оң баға берді. Бұдан бөлек, Қазақстанның діндер мен өрткениеттер диалогын дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.