Главное

«Президент – халықтың жалдаған менеджері»: Тоқаев қандай жұмыс істеп жүргенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында Қазақстандағы саяси реформаларға тоқталып, өзінің қандай қызмет атқарып жүргенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мақсатымыз — инклюзивті экономика құру

Тоқаевтың айтуынша, соңғы бірнеше жылда Қазақстанда ауқымды экономикалық және институционалдық реформалар өткен.

«Біздің мақсатымыз айқын – барынша әртараптандырылған, инклюзивті және келешекке бағдарланған экономика құру. Экономикалық өсім орнықты болумен қатар, оның игілігі әр азаматқа әділ бөлінуге тиіс», — деді Тоқаев.

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»

«Елімізді түбегейлі жаңғыртып, Әділетті Қазақстанның негізін қалау үшін мемлекеттілікті нығайтуға көп күш-жігер жұмсап жатырмыз. Жалпыұлттық референдум арқылы Конституциямызға өзгеріс енгізіліп, басты билік институттарына реформа жасалды. Біз суперпрезиденттік жүйеден бас тарттық. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын басшылыққа алатын, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бар президенттік республика жолын таңдадық. Бұл тұжырым Қазақстандағы саяси жүйенің ерекшеліктеріне мейлінше лайықты модель екеніне кәміл сенемін», — деді президент.

Президент – халықтың жалданған менеджері

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазір Қазақстанда президент өкілеттілігі бір рет және 7 жылға сайланады.

«Мұндай шешім бұрын-соңды қабылданбаған. Менің ойымша, бұл қадам еліміздің саяси жүйесін нығайтуға, экономикасын дамытуға және өркениетті қоғам құруға негіз болады», — деді Тоқаев.

Другие новости

Back to top button