Госорганы

Президент елорданы көгалдандыруда Торонто, Оттава, Хельсинки тәжірибесін қолдануды ұсынды

Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы көгалдандыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаланы көгалдандыру үлкен маңызға ие, Астанада бұл салада проблемалар бар. Тіпті, Мәңгілік ел даңғылында жасыл желек жетіспейтіндіктен, басқа көшелер туралы не айтуға болады. Маусымдық өсімдіктерді отырғызу тәжірибесінен алшақтап, көпжылдық өсімдіктерді белсенді отырғызу керек. Бұл ретте елорданың қатал климатын ескеру, ғылыми қоғамдастықтың әлеуетін және үздік әлемдік тәжірибені жұмылдыру маңызды»,- деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев көгалдандыру құрылыс қарқынына сәйкес жүргізілуі керектігін баса айтты.

«Негізінде, Торонтода, Оттавада климаттық аймақ Астанамен сәйкес келеді. Олар — жарасымды көрінетін жасыл қалалар. Канада тәжірибесін пайдалану керек. Мұнда құрылысшылардың өзін белсенді түрде тарту керек. Мысалы, Хельсинкиде құрылысшыларды құрылыстан кейін бірден іргелес аумақтарды көгалдандыруға міндеттейді. Дәл осы тәжірибені біз де қолдануымыз керек. Германияда тіпті «бір мезгілде» принципіне негізделген «Көгалдандыру кодексі» қабылданған. Яғни, құрылысшы құрылыс алаңына тең жер учаскесін көгалдандыруға міндетті. Мұндай тәсіл жақсы жұмыс істейді», — деді Мемлекет басшысы.

Другие новости

Back to top button