Госорганы

Президент экономиканы тұрақты дамытуға су тапшылығы кедергі болып отырғанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, су саласында басқа да түйткілдер аз емес. Мысалы, суды тиімсіз пайдалану, инфрақұрылым әбден тозған, мамандар жетіспейді.

Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.

Президенттің сөзінше, судың 40%-ы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес.

Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сонымен қатар автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет. Білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажет мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек.

Другие новости

Back to top button