Госорганы

Президент азық-түліктің бағасын реттеуді тапсырды

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны биыл екі есеге төмендетуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Премьер-министрді тағайындауға жиналған мәжілістің жалпы отырысында президент жаңадан құрылатын үкіметтің алдында бірқатар міндет қойды. Соның бірі инфляция.
«Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі», — деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек.

Другие новости

Back to top button