Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сапар аясында Президент «Батыл тойтарыс – 2023» әскери оқу-жаттығу жиынына қатысады, сондай-ақ өңірде бірқатар нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.