Туркестанская область

Полиция Түркістан облысында 15 бала зорланды деген ақпаратқа түсініктеме берді

Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы өңірде 15 бала жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырады деген ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Бұрын белгілі адвокат Айман Омарова Түркістан облысында балабақша қызметкері 15 адамды зорлады, жәбірленушілер саны одан да көп болуы мүмкін деп мәлімдеді.

«Ер адам тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны 15-ке жетті дегенге қатысты түсіндірме бергім келеді. 19 қазандағы жағдай бойынша Түркістан облысының полиция департаментіне осы уақытқа дейін үш жәбірленуші өтініш білдірді. 15 факт немесе 15 мәлімдеме, 15 жәбірленуші жоқ! Басқа жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу шараларын жалғастырып жатырмыз», – деді Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Мұрат Қабденов жалған ақпарат таратқаны үшін азаматтар ҚР ҚК 274-бабына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.

«Сізден тек ресми дереккөздерге сенуіңізді және сенім артуыңызды сұраймын», – деп түйіндеді ПД басшысы.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында ер адам кәмелетке толмаған толмаған жеті қызды зорлады деген ақпарат тарады. Кейін адвокат ол енді 15 баланы зорлағаныүшін айыпталғанын айтты. Алайда полиция бәрін жоққа шығарып, олардың саны үшеу екенін мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button