Выбор редакцииГосорганы

Полиция Рамиль Мухоряповке қатысты жағдайды тексеріп жатыр – Бас прокуратура

Алдағы уақытта сараптамалық қорытындының нәтижесі шықпақ

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенат отырысының кулуарында қазақстандық қоғамда дау туғызған Рамиль Мухоряповтың әрекеті тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қазір Алматы қалалық полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Қажетті сараптама белгіленді. Соның нәтижесі бойынша баға беріледі», — деді Шындалиев.

Бас прокукрордың орынбасары Бас прокуратураға арыз-шағымдар келіп түсуі мүмкін екенін айтты. Алайда оны өзі көрмегенін айтты.

Тақырыпқа орай: Кәсіпкер Мухоряпов қазақ тіліне қатысты мәлімдемесі үшін кешірім сұрады

Айта кетейік, жуырда Chocofamily Holding компаниясының иесі Рамиль Мухоряпов Ресейден Қазақстанға көшіп келгендермен кездесу барысында қазақ тілінде жауа қату мәдениетсіздік екенін айтып, көпшіліктің ашуын туғызған еді. Оның үстінен Бас прокуратураға депутаттар арызданған болатын.

 

Другие новости

Back to top button