ГлавноеГосорганы

Пойыздағы бала өлімі: арнайы комиссия құрылады

Олар пойызбен «Қазақстан геологі» санаторийіне бара жатқан

«Атырау-Астрахань» пойызымен лагерьге бара жатқан баланың қайтыс болуына байланысты арнайы комиссия құрылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат.

Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 77 адамнан тұратын топ, оның ішінде 4 тәлімгер, 73 бала «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызбен жолға шыққан. Балалар Ресей Федерациясы Железноводск қаласының маңындағы «Қазақстан геологі» санаторийіне бара жатқан.

«Балалардың бірі пойыз жүргеннен кейін 1,5 сағат соң өзін нашар сезінген. Пойыз жолсеріктері жедел жәрдем шақырған. Исатай ауданындағы «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем бригадасы баланың қайтыс болғанын анықтады. Осыған байланысты Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Пойызда жолаушылар өздер алған тамақты ішкенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Облыстық білім беру басқармасы қайтыс болған баланың отбасына қажетті көмекті көрсетуді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, № 625 «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызда 2010 жылы туған бала көз жұмды.  Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1,5 сағат өткенде бала өзін жайсыз сезінген.

Другие новости

Back to top button