Здравоохранение

Плазма – өмір сүру мүмкіндігі: донорлар неге маңызды және өмірлік маңызы бар препараттардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

6-10 қазан аралығында Халықаралық плазма туралы хабардарлықты арттыру апталығы (IPAW – International Plasma Awareness Week) — ауруларды емдеудегі және өмірді сақтаудағы плазманың рөліне назар аударту үшін пациенттерді, донорларды, дәрігерлерді және фармацевтикалық өнеркәсіпті біріктіретін жаһандық бастама өтіп жатыр.

Takeda жаһандық фармацевтикалық компаниялар тобына кіретін «Такеда Қазақстан» компаниясы аталмыш бастамаға қосылып, плазма донорлығының ерекше маңыздылығын және плазма негізіндегі препараттардың өндірісіндегі инновациялық технологиялардың рөлін көрсетті.

Неліктен плазманы басқа ештеңемен алмастыруға болмайды?

Плазма — қанның негізгі құрамдас бөлігі, ол түрлі ауруларды емдеу үшін қолданылады, соның ішінде:

  • біріншілік иммунитет тапшылықтары
  • қан ұюының бұзылыстары
  • тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну
  • ауыр күйіктер, жарақаттар және инфекциялар

Плазма созылмалы аурулары бар пациенттер үшін де, төтенше жағдайларда көмек көрсету үшін де плазма негізіндегі өмірлік маңызы бар препараттарды жасау үшін қажет.

Плазмадан жасалатын препараттарға клиникалық қажеттілік ұдайы артып барады. Жыл сайын донорлардың рөлі маңыздырақ бола түседі, өйткені оларсыз плазма негізіндегі өмірлік маңызы бар препараттарды өндіру мүмкін болмас еді.

Қауіпсіздік технологиялары: пациенттердің денсаулығын қорғаушылар

Takeda — плазмадан жасалатын препараттарды өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі, патогендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, қатаң сапа стандарттарын ұстануда және өндірістің барлық кезеңдерінде жоғары сарапшылық тәжірибе жинауда беделі жан-жақты мойындалған компания. Компания қауіпсіздікке көп деңгейлі әдіс-тәсілдерді қолданады, оның негізгі сатылары:

  • Донорларды іріктеу: әрбір донор ешбір инфекция жоқтығына және медициналық талаптарға сәйкестікке мұқият тексеріледі.
  • Плазманы тестілеу: барлық донорлық плазма вирустарды (АИТВ, А, В, С гепатиттері, т.б.) анықтаудың түрлі әдістерін қолдана отырып, көп сатылы тестілеуден өтеді.
  • Вирустарды инактивациялау және жою: бұл процестер плазмадан жасалатын препараттарды өндіру сатысында қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
  • Сапаны бақылау: дайын өнім қоспалар бар-жоғына қосымша тестіленіп, әрбір серия тәуелсіз зертханалық сараптамадан өтеді.

Әлемдік фармацевтика өнеркәсібі жүзеге асыратын шаралар кешені — донорларды іріктеу және плазманы тестілеуден бастап вирустарды инактивациялау және жоюдың заманауи әдістеріне дейін — 25 жылдан астам уақыт бойы плазмадан жасалатын препараттарды қабылдайтын пациенттерді бұрыннан белгілі және жаңадан пайда болған вирустардан тиімді қорғап келеді.

«Халықаралық плазма туралы хабардарлықты арттыру апталығы әрбір донор талай адамның өмірін сақтап қалатынын еске салады. Біз препараттарымыздың заманауи қауіпсіздік және тиімділік талаптарына сай болуы үшін өндіріс және өнім сапасы мәселелеріне мұқият қараймыз және дүние жүзіндегі бүкіл донорларға қосып жатқан баға жетпес үлестері үшін алғыс айтамыз», — деп атап өтті Михаил Владимиров, «Такеда Қазақстан» ЖШС директоры.

Takeda сирек және созылмалы ауруларға шалдыққан пациенттер толыққанды өмір сүре алуы үшін инновацияларды дамытуды және донорлық практикасын дамытуға септесуді жалғастырып жатыр. Халықаралық плазма туралы хабардарлықты арттыру апталығында компания ғылыми жетістіктерге, донорлардың баға жетпес тартуына иек арта отырып, пациенттерге көмектесуге нық бекінгенін тағы бір қайтара растайды.

Другие новости

Back to top button