Здравоохранение

Желтоқсан айында 2-5 жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу басталады

Денсаулық сақтау министрлігі балаларды қызылшаға қарсы вакциналау жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Кazinform.

«Халықтың арасында қызылшаның таралуын болдырмау үшін қосымша жаппай иммундау шарасы басталды. Иммундауға, бірінші кезекте, 6-11 ай аралығындағы нәрестелер жатқызылды. Желтоқсан айынан 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балаларды бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алғанына қарамастан, иммундау өтеді. Сондай-ақ қызылшаға қарсы екпесі жоқ медицина қызметкерлерін вакциналау жоспарланған», – деп жазылған ведомствоның редакция сауалына жолдаған жауабында.

Министрлік мәліметінде балаларға жоспарлы екпе жасау көрсеткіштеріне ай сайын мониторинг жасалып отыр. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі балаларды кемінде 90 пайыз екпемен қамту бағытындағы жұмыстар күшейтілген.

Другие новости

Back to top button