Северо-Казахстанская область

Петропавловлда гуманитарлық көмекті бөлу кезінде төбелес болды

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек беру пункттерінің бірінде тосын оқиға болды. Қаланың екі тұрғыны арасындағы қақтығыс бейнетүсірілім себебінен туындаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Петропавлnews-ке сілтеме жасай отырып.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, 37 жастағы ер адам 30 жастағы жігіттен түсірілімді тоқтатуды сұраған. Ал түсірген жігіт көмек көрсету процесін видеоға түсірген. Өтініші орындалмағаннан кейін екеуі төбелесіп қалған: оператор қарсыласын ұрып, әкімшілікқұқық бұзушылық жасаған.

Құқықбұзушыға ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. 16 сәуірде сот оны 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындады. Сот отырысы барысында ер адам өзінің кінәсін мойындаған.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген. Солтүстік Қазақстанда су өзеннен тасып,  облыс орталығының бірнеше ауданын су басты.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Другие новости

Back to top button