Петропавлда полицей күйеуін өлтірген әйел сотталды
31 жастағы учаскелік инспектор Дархан Жұмағалиды өз бөлмесінде қан-жоса болып жатқан жерінен әкесі тапқан. Басты күдікті — марқұм полицейдің жары.
Атышулы оқиға Қызылжардың Береке ықшам ауданында мамыр айында болған. Учаскелік полицей ата-анасымен, жарымен, екі кішкентай баласымен бәрі бірге тұрып жатқан, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Туыстарының айтуынша, түнгі үштер шамасында марқұмның қанға тұншығып жатқанын әкесі естіп, бірден жатын бөлмесіне барған. Қанжоса етіп пышақталған баласы мен сілейіп тұрған келінін көріп жанұшыра айқайлап жіберген. Бастапқыда әйелі күйеуінің суицид жасағанын айтып ақталған көрінеді. Алайда, тергеп тексері кезінде кінәсін толық мойындаған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 1 бөлігі адам өлтіруге сәйкес Жұмағали Айгүл кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздігі бар колонияда 8 жылға бас бостандығынан айырылсын. Бұдан бөлек айыпталушы жәбірленуші тарапқа 4 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс. СҚО Қылмыстыө істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Сергей Викторенко
Марқұм сол ауылда учаскелік полицей қызметін атқарған. Еңбекқорлығының арқасында өткен жылы Петропавлдың «Үздік маман» атаныпты. Әріптестері оның қызметіне адал, тәртіпті отағасы болғанын айтады. Ал сотталған әйелдің төркіні марқұммен көңілдес болған әйел берекелі отбасының шырқын бұзды деп есептейді.
Айыпталушының анасының айтуынша, бәрін бүлдірген күйеу баламен көңілдес болған әйел.
Марқұм мен сотталған әйелдің артында шиіттей екі баласы қалды. Ата-әжесі немерелерін өз қамқорлығына алды. Сотталушының жақындары соттың қосымша 4 миллион теңге көлемінде өтемақы салынғанына аң-таң. Олар бұл шешіммен келіспей отыр.