Выбор редакцииСеверо-Казахстанская область

Петропавлда жоғарғы қабаттан құлаған ер адам бірден орнынан тұрып кетті(ВИДЕО) 

Петропавлда ер адамның жоғарғы қабаттан сыртқы баспалдаққа құлаған видеосы тараған болатын. Полиция  жағдайға толық пікір білдіріп, ер адамның мас күйінде құлап, кейін есін жиып пәтеріне қайта кіргенін және ешқандай шағымы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға15 қазанда таңғы уақытта орын алған. Петропавл қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Сейілбек Елжасовтың сөзінше, 38 жастағы азамат Петропавлға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан жұмыстарымен келген.

“Ол Әуезов көшесі бойындағы үйлердің бірінің екінші қабатынан пәтер жалдаған. Сөзінше, пәтерде жалғыз болған, спирттік ішімдік ішкен. Темекі шегуге балконға шыққан кезде ол тепе-теңдікті сақтай алмай, төменге құлаған. Біраздан соң есін жиып, өзі пәтеріне оралған. Медициналық көмекке жүгінбеген, ешкімге арыз-шағымы жоқ. Кейін аман-есен автобуспен тұрғылықты жеріне жол тартқан. Қазіргі уақытта жағдайы бір қалыпты”,- деді Сейілбек Елжасов.

Еске салса, бұған дейін видеоға байланысты полиция адамның терезеден құлағаны туралы ақпарат келіп түспегенін мәлімдеген болатын.

Другие новости

Back to top button