Северо-Казахстанская область

Петропавлда автокранның жебесі автобусқа кіріп кетті – екі жолаушы зардап шекті

Петропавлда манипулятордың жебесі автобустың артына соғылды. Салонда болған екі жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты сейсенбіде Қожаберген жырау көшесінің бойында болған. Foton маркалы манипулятордың жебесі дұрыс бекітілмеген. Автокран жолда айналып кетіп, автобустың артына соғылған.

«Соның салдарынан автобус салонында отырған 11 және 17 жастағы жолаушылар зардап шекті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді», — дейді қалалық полиция басқармасының мамандары.

Медициналық көмектен кейін екі жасөспірім үйіне жіберілген. Тексеріс кезінде екі көлік жүргізушісі де сау болғаны анықталды.

Қазіргі кезде қажетті материалдар жиналып жатыр. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Другие новости

Back to top button