Северо-Казахстанская область

Петропавлда автобуста жанжал шығарған жолаушы жүргізушіні қылғындырған

Полиция 67 жастағы ер адамға қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді

Петропавлда автобуста жанжал шығарған жолаушы жүргізушіні қылғындырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуаеттік желіде тараған бейнежазбада егде жастағы ер адамның автобус жүргізушіінен көлікті тоқтатуды талап етіп, артынша бас салып қылғындырып жатқанын көруге болады.

«Тоқта деймін! Неге есікті ашпай отырсың? Саған не деп тұрмын?» — деп айғай салған жолаушы жүргізушіні қылғындыра бастайды. Оған қарсыласа алмаған жүргізушінің бір сәтке есінен танып қалғаны көруге болады.

Ер адамның дөрекілігіне шыдамаған тағы бір жолаушы араша түсіп, оны тоқтатпақ болады. Алайда ашуға мінген егде жастағы ер адам басқа жолаушыны тепкілеп, есіктен шықпақ болады.

Аталған жайтқа пікір білдірген облыстық полиция департаментінің өкілдері 67 жастағы ер адамға қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді.

«8 сәуірде сағат 19:30 шамасында Петропавл қаласында 5 «М» бағытындағы автобуста жолаушы қажетті аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған. Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекеттерін жасаған. Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды», — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», — делінген ПД хабарламасында.

Другие новости

Back to top button