Северо-Казахстанская область

Петропавлда астыртын цехта өндірілген 16 мың литр спирт өнімі тәркіленді

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласында алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында антисанитариялық жағдайда суррогат спиртін облыс аумағындағы сауда нүктелері арқылы сату үшін қаланың өнеркәсіптік аймағы аумағында ашылған қойма жойылды.

«Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстардағы спирт және құрамында спирт бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар алынды», — делінген ведомство хабарламасында.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

 

Другие новости

Back to top button