Госорганы

Перуашев Алматыда Сағынтаевтың тұсында қабылданған жер шешімін тексеруді талап етті

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бас прокурордан Алматыда анықталған заң бұзушылық бойынша тексеріс өткізуді талап етті. Бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаевтың тұсында ұлттық парктің жері жекеменшікке өтіп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Ақ жол» фракциясының жетекшісі жер мәселесімен айналысатын танымал заңгер Бақытжан Базарбектің мәлімдемесіне сілтеме жасады. Оған сәйкес, Алматы қаласының бұрынғы басшылығы 2021 жылы 15 маусымдағы қаулысымен Медеу мемлекеттік табиғи паркінің рекреациялық аумағынан 22 гектар жерді шығарған. Бұл учаске қалың орман өскен Бутаков шатқалында орналасқан.

«Сонда Медеу табиғи паркінің бақандай 20 процентін тұрғын үй қорына аудара салған, парк басшылығына да ескертпеген. Базарбектің мәліметіне сәйкес, жерді бөлу және мақсатын ауыстыру жұмыстары басталып кеткен. Құрылыс жобаларын келісіп жатыр дейді. Бұнымен экология, жер және орман кодекстері бұзылып отыр. Президент Тоқаевтың Іле Алатаудың етегінде құрылыс салуға тыйым салу туралы тапсырмасы да еленбей жатыр», — деді Перуашев.

Фракция депутаттары бас прокурорға сауал жолдап, тексеріс өткізуді талап етті.

Другие новости

Back to top button