Павлодарская область

Павлодарда мектептің мас күзетшісі 6-сынып оқушысын соққыға жыққан

Павлодардағы орта мектептердің бірінде мас күзетші 6-сынып оқушысын соққыға жыққан, деп хабарлайды Azattyq RýhyОблыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бала ауруханаға жүгінген.

«19 ақпанда мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы бергені анықталды. Соның салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жүгінді.  Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу туралы шешім қабылданды», — деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күзетші қоғамдық орында мас жүргені үшін жауапқа тартылып, айыппұл алған.

«Сондай-ақ, мас күзетшіні жұмыс орнына жібергені үшін мектеп басшылығын жауапқа тарту мақсатында полиция департаменті облыстық білім басқармасына хат жіберді», — деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button