Павлодарская область

Павлодар тұрғыны танысудан бас тартқаны үшін қыздарға тас лақтырып, күш көрсеткен

Павлодарда тұрғын қыздарға физикалық қысым көрсетіп, таныспақ болған. Бойжеткендер бас тартқан кезде жігіт оларға тас лақтырып, арттарынан қуған. Бұзақлық іс бойынша қазір қылмыскер іздестірілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Зардап шеккендердің айтуынша жігіт алдымен физикалық қысым көрсеткен, кейін қыздар оның әрекетін телефонға түсіре бастағанда ол агрессия танытып, тас лақтыра бастаған. Қыздар бұрыш спрейімен қорғануға тырысқанымен бұзақы олардың артынан қуа бастаған. Қазір полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр.

“Бұл факт тіркелді. Ер адамның кім екені анықталды. Қазіргі уақытта оны қамауға алып, жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде”,- деді Павлодар қаласы Солтүстік полиция департаменті басшысының орынбасары Ренат Шәріпов.

Другие новости

Back to top button