Павлодарская область

Павлодар облысында шұңқырға құлаған автобустың бөлшектері табылды

Павлодар облысында құтқарушылар үлкен шұңқырға құлаған автобусқа жақындады. Олар әріптестерінің сөмкесін, корпустың бөлшектері мен көліктің мемлекеттік нөмірін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

 

Мамандар жақын арада техниканы жер бетіне шығарады деп үміттенуде. Оның ішінде жоғалған адамдардың денелері де болуы мүмкін.

Автобус 4 қаңтарға қараған түні үлкен шұңқырға құлады. Яғни бүгін іздеу жалғасқанына 13-күн. Іздеу жүйелері енді автобустың қайда екенін анықтай алды.

“Біз барлық дайындық жұмыстары мен жаттығуларды ТЖД қызметкерлерімен бірнеше рет өткіздік. Дәл сондай автобусты алып, егер оны қазып алсақ қалай болатынын немесе артқы жағы көрінсе қандай ілмекрпен шығаратынымызды қарастырдық.. Егер оның бүйірлік бөлімі көрінсе, онда жаттығулар дәл осылай жүргізіледі”,- деді Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов.

Еске салсақ, бұған дейін Майқайыңда жер астына құлаған автобус ішіндегі қызметкердің жұбайы оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

Другие новости

Back to top button