Павлодарская область
Павлодар облысында қатты желден мектептің шатыры ұшып кетті
Железин ауданында қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Железин ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұрат Асайыновтың айтуынша, қатты жел Ақтау ауылында Березовка жалпы білім беретін негізгі мектебі спортзалының 240 шаршы метр аумақта ағаш құрылымдармен бірге профильді төбесін жұлып әкеткен.
«Хабарлама түнгі сағат 01:30-да түскен. Бұл мектепте 35 бала білім алады, 18 мұғалім жұмыс істейді. Білім ордасының шатырына 2011 жылы ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді. Спортзалда металл профильді шатыр жабылған», – дейді Мұрат Асайынов.
Болған жайт оқу процесіне кері әсерін тигізбеген.
Естеріңізге сала кетейік, синоптиктер 8 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын. Оңтүстік-батыстан желдің екпіні 23 м/с құрады.