Павлодарская область

Павлодар облысында жоғалып кеткен ер адам көлігімен бірге өзен түбінен табылды

Ер адам 16 маусымнан бері іздеуде болған

Павлодар облысында жоғалып кеткен ер адам көлігімен бірге Ертіс өзенінің түбінен табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, ер адам 16 маусымнан бері іздеуде болған.

«Құтқарушылар үш күн бойы Р. Ю. Леонтьевті іздестірді, ол 16.06 күні түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. 25 маусымда Ертіс өзенінде іздеу жұмыстары барысында 4 құтқарушы эхолоттың көмегімен шамамен 5 метр тереңдікте және жағадан 10-15 метр қашықтықта ер адамның автокөлігін тапты», — деп атап өтті өңірлік ТЖД өкілдері.

Сүңгуір суға кіріп, көліктің төңкеріліп жатқанын растады.

  1. «Арнайы техниканың көмегімен машина жағаға көтеріліп, 102 қызметіне берілді. Салонның ішінен жоғалған Р. Ю. Леонтьевтің мәйіті табылды», — делінген хабарламадаҒ

Другие новости

Back to top button