Павлодарская область

Павлодар облысында 40 градус аяз болады

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысында қарлы боран, көктайғақ болады күтілуде. Түнде облыстың солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыста, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр, күндіз облыстың көп бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

6-7 желтоқсан күндіз аймақта ауа температурасының облыстың солтүстігінде 25-30 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 8 желтоқсанда түнде 32-37 аяз, облыстың солтүстігінде қатты аяз минус 40 градусқа дейін.

Другие новости

Back to top button