Спорт

Париж Олимпиадасына билеттер қанша тұрады

Париж (Франция) Олимпиадасының ресми сайты алдағы спорттық іс-шараларға билеттер сату басталғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Париж Олимпиадасының ресми сайты жазды.

Бір билеттің орташа бағасы шамамен 101 еуро. Қазақстан ұлттық банкінің бүгінгі бағамына сәйкес оның құны шамамен 49 908 теңге болады. Бұл Олимпиада ойындарындағы ең арзан билет гольфке тиесілі, билеттің орташа бағасы – 24 Еуро (11 859 теңге). Ал ең қымбат билеттер жеңіл атлетика спортында көрсетілген – 224 Еуро (110 687 теңге).

Әр түрлі спорт түрлеріне арналған билеттер бағасы: Футбол – 24 еуродан – 300 еуроға дейін (11 859 – 148 242 теңге);

Бокс – 24 еуродан – 520 еуроға дейін (11 859 – 256 952 теңге);

Теннис – 30 еуродан – 420 еуроға дейін (14 824 – 207 538 теңге);

Ату спорты – 24 еуродан – 45 еуроға дейін (11 859 – 22 236 теңге).

Сондай-ақ билет бағасы таңдалған сектор мен орынға байланысты өзгеруі мүмкін. Ал ашылу салтанатына қатысу үшін сіз ең арзан билетке 90 еуро, ал ең қымбатына 3850 еуро жұмсайсыз. Уақыт өткен сайын төмен бағадағы билеттер азайып барады, бірақ көп ұзамай олардың саны тағы да көбейеді деп күтілуде.

Айта кетейік, Париждегі Олимпида ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Другие новости

Back to top button