Выбор редакцииКультура

Өзінен кіші жігітпен сүйіскен Айгүл Иманбаева сынның астында қалды

Өзінен 15 жас кіші Шерхан Пірназаровпен сүйіскен Айгүл Иманбаеваны жұрт сөгіп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Актриса Instagram-дағы парақшасында түсірілім алаңында болған қызықты сәттерімен бөлісті. Өнер иесінің ондағы серіктесі – жас актер Шерхан Пірназаров.

“Бұл кинода өмір бар, жүрек пен тап-таза көңіл бар, сүйер сезім мен түйер ой бар! Біз барымызды салдық”, – деп жазба қалдырды актриса.

Алайда Айгүл Иманбаеваның жас жігітпен құшырлана сүйіскен сәті жұртқа жақпай қалды.

“Жастарға не тәрбие, не үйретіп жатырсыздар?”, “Баласымен жасты ғой”, “Дәл осы жерін салмасаңыз да болар еді”, “Сүйісіп киноға түсу сәнге айналған ба?”, “Өте ерсі”, “ Ұят кеткен”, – деп сынап тастады желі қолданушылары.

 

 

Другие новости

Back to top button