Мангистауская область
«Өзіміз бақылаймыз»: Бейнеуде төбелескен оқушылардың ата аналары кешірім сұрап, видео жариялады
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы түлектерінің ата-аналары Боранқұл ауылында 25 мамыр күні соңғы қоңырау соғылған соң түстен кейін болған жаппай төбелеске байланысты кешірім сұрап, видео жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ата-аналар балаларының эасаған әрекеті үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады. Түлектердің әкелері мен аналары төбелес салдарынан ешкім дене жарақатын алмады деп сендірді. Олардың айтуынша, мұғалімдер, мектеп директоры және полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Ешкімге ешқандай шағым жоқ.
Оқушылардың әкелері мен шешелері балаларын өздері бақылауға алатынын, болған іске мектеп әкімшілігінің еш жазығы жоқтығын айтады.
Еске сала кетейік, Бейнеу ауданы Боранқұл (бұрынғы тірек) ауылында тіпті түлектер төбелесіп қалған. Тараған бейнежазбада төбелеске бірнеше ондаған түлектер қатысқаны, олардың кейбіреулері тас лақтыратыны көрінеді. Полиция сол күні 50-ге жуық бала полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлаған еді.