Культура

«Өзім кінәлімін»: Актриса Гүлшат Тутова қызының сырқаты туралы ашық айтты

Кино және театр актрисасы Гүлшат Тутова “Қыздар-ай” бағдарламасында қызының сырқаты жайлы, оған себеп болғанын баяндап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

“Тұңғышың өмірге сынақпен келді. Қызыңның диагнозын естігенде қандай күйде болдың?” деген сауалға актриса: “Неге мен сыналуым керек? Кімнің күнәсін арқаладым?” деп біреуді жазғырдым. Қатені өзімен ізгеннен көрі біреуді кінәлаған оңай көрінді. Негізі қызымның ауырып қалғанына өзім кінәлімін. Мен «20 жасымда тұрмысқа шықтым. Баланы қалай бағу керегін білмедім. Үйрететін адам болмады. Бір жыл енеммен тұрдым, кейін бөлек шығып кеткен едік. Сөйтіп қызымды 11 айлығында ауыртып алдым. Бұл туа біткен ауру емес. 11 айлығында бірінші рет ауырды, оған дейін ауыртқан емеспін. Өзімнің білімсіздігімнен, бір апта бойы қызыма аспирин беріп, қызуын түсіріп қана отырғанмын. Дәрігерге апармадым. Сөйтіп үйге досымызды әйелі келіп баланы дәрігерге көрсету керегін айтты. Ал мен ол туралы мүлдем ойламағанмын. Қызымды ауруханаға апарған кезде дәрігерлер баланы қолымнан жұлып алып, жансақтау бөліміне жатқызды”, – дейді Гүлшат Тутова.

Актриса екі күн кешіккенде баладан айырылып қалатын жағдайға жеткенін де жасырмады.

“Қызымның жағдайы ауыр болды. Екі күн кешіккенде баладан айырылып қалатын едік. Сөйтіп баланы құтқару үшін дәрігерлер үлкен дозада антибиотиктер салған көрінеді. Ал ол дәрі құлаққа қатты әсер береді екен. Мен ол жайлы білмеймін. Біз содан бір жылдай ауырдық. Құлағының естімей қалғанын кейін білдік. Қызым беске толса да сөйлемейді, айтсаң түсінбейді. Оны ескермей жұмыс істеп жүргенде театрдағы әріптестерім дәрігерге көрсет деп кеңес берді. Әріптесім Бақтияр Қожаның әйелі педиар болатын. Апарып, тексерткенде: “Қызыңның құлағы естімейді, алалия деген ауру, аппарат тағу керек” дегенде қатты соққы алдым, Құдайға жалынып, өмірге күйініп жыладым, өзімді кінәладым. Лор маған: “Сен бұл қызды сөйлете алмайсың, жүйкесі өліп қалған” деп айтты. Сол кезде Құдайға “қызым сөйлеп кетсінші” деп жалындым. Сонда медицинаға “кохлеарная имплантат” деген құрылғы келді. Миға электрод орнатады екен, өте күрделі ота. Қызым он жаста болғанда осы құрылғы туралы білдім, бірақ жеті жылдан кейін ғана ота жасатуға шешім қабылдадым. Қызым өзі “операция жасатшы” деп өтінді. Оған дейін аппаратпен жүрді, сөйлей алатын бірақ толық сөйлемейтін. Қазір ол қызым тұрмыста. Күйеуіне де сондай диагноз қойылып, ота жасалған. Бес жылдан кейін қызым естімек түгілі, ән салып, әлемдің концерттерге қатысатын болды”, – дейді актриса ағынан жарылып.

Другие новости

Back to top button