Мангистауская область

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Қарамырзаев қызметтік өкілеттігін пайдаланған деген күдікке ілінді

Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаевты (қазіргі таңда «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының орынбасары) ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланған деп күдіктеліп отыр.

«Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол «КЕЗБИ» ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті.

Өзінің заңсыз әрекеттерімен ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірді және мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды», — делінген агенттік хабарламасында.

ҚР ҚПК 201-бабының негізінде өзге ақпарат жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Другие новости

Back to top button