Главное

«Өз бетінше қозғала алады»: Денсаулық сақтау министрі оққа ұшқан Берденовтің қазіргі жағдайын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атыс қаруынан зардап шеккен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға бір аптадан астам уақыт бұрын болған.

«Түскеннен кейін екі хирург бригадасы төрт сағат ішінде қажетті шұғыл көмек көрсетті. Бүгінде науқастың жағдайы тұрақты, ол өз бетінше қозғала алады, бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында», – деді Әлназарова үкімет отырысында.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін жазған едік. Шабуылдың алдын ала себебі ретінде бірнеше нұсқа айтылды. Бірі Руслан Берденов шабуыл жасаған адамның әйеліне тиісті десе, енді бірі бұл жағдайды Шымкенттегі құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланыстырды.

Другие новости

Back to top button