«Өте қарапайым отбасында өскен»: түлектер кешіне барған экс-министрді ауылдастары мақтады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният туған жеріне барып, түлектер кешіне қатысты. Оның сыныптастарымен кездесуінен видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ажар Ғинияттың Жаңақала ауданындағы орта мектепті бітіргеніне 40 жыл толған. Видеода 1985 жылғы түлектер мейрамханаға қол ұстасып кіріп, ортада би билеп, көңіл көтеруде.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Оның ішінде экс-министрді танитындар оны мақтаған.
«Ажар Ғиниятқызы сыныптас-құрдастарымен әрқашан байланыста болып, туған жерімен мақтанып жүретін, қолынан келсе, көмегін аямайтын керемет жан», «Ажар мектепте өте жақсы оқыған, ол қызбен мұғалімдері мақтанады. Өте қарапайым отбасында өскен, өзі де мәдениетті, кішіпейіл адам. Медицинада да статистика болады, жарты да промильдер болуы мүмкін, дұрыс түсінбей айта бересіздер. Біз, ауылдастары, Ажарды білеміз, онымен мақтанамыз жұрт бір кішкентай емхананың буджетін басқара алмай кредиторлық бережақпен жылды аяқтайды. Біздің Ажарымыз медицина министрлігін ковид болған қиын жылда алып шықты», — деп жазған олар.
Еске салсақ, Ажар Ғиният 2020-2022 жылдары COVID-19 пандемиясы басталған уақытта денсаулық сақтау вице-министрі болып, 2022 жылы Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды. 2024 жылы ақпанда орнынан босатылды. Президенттің көмекшісі Тамара Дүйсенова оның жұмысына «дәрігер ретінде жақсы маман» деп баға берген еді.
Қазіргі күні «ҰАО «Балаларға арналған ұлттық оңалту орталығы» басшысы қызметін атқарады.