Социум

«Отбасы — бала үшін ең қолайлы орта» — қазақстандықтар әлеуметтік жетімдік мәселесін шешу үшін бірікті

«Ана Үйі» жобасына үлкен рахмет, қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға көмектескеніңіз үшін ризамыз.

Жылы баспанаңызға, қамқорлығыңыз бен қолдауыңызға, ең жылы естеліктеріңізге рахмет. Сіздер аналарға балаларына жақсы болашақ пен бүгінінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге үміт пен мүмкіндік бересіз», — бұл Аналар үйінде тұрып, уақытылы көмек алған, болашағына деген үміт пен сенімге ие болған, өздерінің кішкене жанұясын сақтап қалған қордың қамқорындағы жандардың алғысы.

ВИДЕО: (3083) Құшағына анам басса… — YouTube

Ал жас аналарға қуаныш пен үміт сыйлаған — біздің қоғамда көбейіп келе жатқан жанашыр әрі жауапкершілігі мол азаматтар.

«Ана Үйі» қоғамдық қорының негізгі міндеті көмек беріп, игі іс жасағысы келетін және бүгінде осы қамқорлық пен көмекке мұқтаж жандарды байланыстыру.

2013 жылдан бері «Ана Үйі» жобасы әзірленіп, қазақстандық бизнесмендерден қолдау тапқан, олар еліміздегі әлеуметтік жетімдік мәселесін шешуде күш біріктіруде және 9 жылдың ішінде 6 мыңнан аса бала балалар үйіне түспей, отбасыларында қалған.

Бұған қоса, Қорға жас аналар мен асырап алатын отбасыларға көмектескісі келетін бей-жай қарамайтын азаматтар жүгіне бастады. Және екі жылдың ішінде 54 мыңдай қазақстандық 61 млн теңгеден астам қаражат аударса, оның 34 миллионнан астамы биыл жіберілген. Бұл жай ғана ақша емес — бұл еліміздің кішкентай азаматтарының тағдырын құтқаратын мүмкіндік.

Жиналған қаражаттың барлығы әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға, атап айтқанда аналардың тамағына, жатын орны мен оқуына және сәбилерді барлық қажетті заттармен қамтуға жіберіледі. Қазақстандықтардың қолдауы арқасында Қор 2022 жылы 671 ананың қиын өмірлік жағдайдан шығуына көмектесіп, 735 сәбидің жетім қалуына жол берген жоқ, ал балалар үйіндегі 187 бала жанұялы болды.

«Бұл жәй ғана цифрлар емес — бұл сіз бен біздің жетімдік мәселесін шешуге ат салысуымыздың нәтижесі. Өйткені ата-анасыз өсетін баланың қайғысы біздің жалпы қайғымыз. Мейірімділік пен жанашырлық әлі де қазақстандықтардың айрықша қасиеті болып қала беретінін түсіну көңіл қуантады. Біздің ортақ ісімізге өз үлесін қосып жүрген әрқайсысыңызға ризашылығымызды білдіреміз,- деп атап өтті қордың атқарушы директоры Ажаркүл Қылышбаева,- Біз балалардың отбасында өсіп, дамулары үшін олардың тағдырын бірге өзгертеміз! Өйткені отбасы — балалар үшін ең қолайлы орта!»

«Ана Үйі» қорын, сонымен қатар бала асырап алу мәдениетін дамытуға бағытталған жобаларды қолдауға ниеті барлар 1422 номірі бойынша call орталыққа хабарласа алады.

Қордың қызметі туралы толық ақпаратты @dommamy Instagram парақшасынан алуға болады.

Другие новости

Back to top button