Костанайская область

Орман өртінен зардап шеккен тұрғындар жергілікті билік өкілдеріне өкпелі

Себебі жаңа үйлер елді мекеннен 5 шақырым жердегі аудан орталығында салынып жатыр

Қостанай облысындағы өрттен баспаналары жанып кеткен Аманқарағай ауылының тұрғындары жергілікті билік өкілдеріне бізбен ақылдаспады деп өкпелі. Себебі көбі ауылдан кеткісі келмейді. Ал, жаңа үйлер елді мекеннен 5 шақырым жердегі аудан орталығында салынып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

 «Бұл жер батпақты. Жерді сәл қазсаң, су шығады. Ол не деген сөз? Яғни, баспана үнемі ылғал боп тұрады. Топырағы да бақша өсіруге арналмаған», — дейді ауыл тұрғыны Владимир Гейгер.

 Тұрғындардың көңілін күпті етіп тұрған нәрсе, ол — мына қамыстар. Ол құрылыс алаңына жақын орналасқан. Бұл жерде көктемде су жиналады және жер асты сулары да шығады деп қорқады. Сондықтан келешекте жаңадан салынған үйіміздің іргетасы жерге көміліп қала ма деп уайымдайды . Ал, жергілікті биліктің өз уәжі бар. Айтуларынша, бұл жер аудан орталығын кеңейту мақсатында осыдан 4 жыл бұрын зерттеліп қойған.

 «Айтатын адамдар айта береді. Бірақ, бізде жоспар бар, сол бойынша бүкіл экспертизадан өткен. Рұқсат қағаздары бар. Мемлекеттік сараптамадан өткен. Бүкіл мәліметтер, құжаттар түгел», — деді Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов.

Дегенмен жергілікті билік пен құрылысшылардың алдында қазір нақты міндет тұр. Себебі, Президент, бұл баспаналарды 2 жарым, ары кетсе 3 айдың ішінде тапсыру қажет деген қатаң тапсырма берген болатын. Сол үшін мұнда күндіз түні құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Другие новости

Back to top button