Западно-Казахстанская область

Оралда бір ай бұрын жоғалған қарияның денесі орманнан табылды

73 жастағы зейнеткер 5 қарашада жоғалып кеткен болатын

Оралда бір ай бұрын жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

73 жастағы Юрий Браслевич 5 қарашада екінші база аумағында саңырауқұлақ теруге кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

Оның немересі Ирина Жиденко атасының денесі орманнан табылғанын хабарлады.

«Оны орманға барған адамдар тапқан. Қазір ғана мәйітханадан келдік. Мәйітті жануарлар адам танымастай етіп атстаған», — деді Ирина.

Отбасы қарияны іздеуге көмектескендердің барлығына алғысын білдіреді.

Зейнеткерді іздеуге құтқарушылар, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер мен туыстары жұмылдырылған болатын. Дрондар мен тікұшақ та тартылды. Жалпы зерттелген аумақ 56 шаршы шақырымды және су арқылы 25 шақырымды құрады. Туыстарының айтуынша, Юрий Браслевич алкогольді асыра пайдаланбаған, есте сақтау қабілеті нашарлаған. Ол сол күні ұялы телефонын алмай кеткен.

Другие новости

Back to top button