Западно-Казахстанская область

Оралда ант қабылдаған сарбаз 10 күннен кейін психдиспансерден бір-ақ шықты

Енді сарбаз екі айға емделуге жіберіледі, содан кейін оны әскери-дәрігерлік комиссия қарайды

Оралда ант қабылдаған сарбаз 10 күннен кейін психдиспансерден бір-ақ шықты. Жас сарбаз 2022 жылдың маусым айында әскерге шақырылды. Ол Оралдағы №5517 әскери бөліміне Ақтөбе облысынан келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz порталы.

Ол шілде айының соңында ант қабылдап, содан 10 күн өткен соң облыстық психоневрологиялық диспансерден бір-ақ шыққан. Келесі күні туыстары мән-жайды білу үшін Оралға келіп жетті.

«Біреумен төбелескен деп ойлаймыз. Арманбек өзін бұл жерден алып кетуімізді өтінді. Бұрын ол аттан құлап, басынан жарақат алған. Сонда әскерге қабылдамастан бұрын оны дәрігерлер дұрыс тексермеген бе? Біз оны алып кеткіміз келеді, ол аяусыз соққыға жығылған деп санаймыз, бірақ бұл турасында сөйлескісі келмейді», — дейді сарбаздың туысы Тойбазар Аманбаев.

№5517 әскери бөлімінің командирі 9 тамызда Арманбек Қайрош медпунктке көмекке жүгінгенін айтады. Оның айтуынша, жас жігіт «өзіне бірдеңе жасаймын» деп ашықтан ашық бопсалау түрінде мінез-құлық танытқан, оны баршаға жария етіп айтқан. Командир оны медпунктке алып келіп, акт толтырып, әскери полиция оның денесінен ұрып-соғу белгілерін анықтамаған.

ҚР Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығы 9 тамызда сапта бұл жігіттің өзін дұрыс ұстай алмай, қатардан шығып, қатарластарына бейәдеп сөздер айтып, тілдегенін жеткізеді. Қасындағы сарбаздар оның үстінен шағымданған.

«Біз оны медпунктке апарып, оқшауладық. Ол арада онымен біздің психолог әңгімелесті, содан кейін оған психиатр-дәрігерге қаралуға кеңес берілді. Себебі біздегі психолог деген дәрігерге жатпайды, сондықтан ол өз бетімен ем тағайындай алмайды. Одан кейін психиатр дәрігер қарап, оны ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады және «бейімделу кезіндегі бұзылыс» деген алдын-ала диагноз қойылды. Бұл материал әскери полицияда тіркелген, қызметтік тергеу тағайындалды, олар оның үсті-басын тексерді. Біз оны психиатрға жіберуге міндеттіміз, өйткені ол үшін мойнымызға жауапкершілік ала алмаймыз. Оның қолына ертең қару беріледі, атыс алаңына жіберіледі, Құдай сақтасын, сол кезде өзіне бірдеңе жасап қойса, кім жауапты болады?..», — деді ҚР Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басшысының орынбасары Бақыт Алазов.

Сонымен қатар, ол диагноздың бажайлап қойылғанын ескертті. Енді сарбаз екі айға емделуге жіберіледі, содан кейін оны әскери-дәрігерлік комиссия қарайды, оның мүшелері ол әскери міндетін өтеуді ары қарай жалғастыра ала ма, жоқ па, соны шешуі керек болады.

 

Другие новости

Back to top button