Образование

Оқудан шығып қалған студент мемлекет берген грантты өтеуі керек пе

 «Қаржы орталығы» АҚ грантта оқитын студенттердің міндеттерін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

Өздеріңіз білетіндей, грант түлектері үш жыл жұмыс істеуге немесе өзін оқытуға жұмсалған ақшаны қайтаруға міндетті.

Грантта толық оқымағандар және оқудан шығарылғандар не істеуі керек?

Мысалы, студент грантқа түсіп, 2023 жылдың қыркүйегінен оқи бастады, бірақ 2 айдан кейін ол мамандықтан бас тартуға шешім қабылдады.

Содан кейін ол 2023 жылы немесе сол оқу жылында басқа (ақылы) мамандыққа ауысып, білімін жалғастырады.

Бұл жағдайда студент университетті бітіргеннен кейін пропорционалды түрде жұмыс істеп, грантты өтейді. Яғни, грантта қанша уақыт оқыды, сонша жұмыс істейді.

Ал егер студент келесі оқу жылында (2024 жылдың қыркүйегінде) оқуға түссе, онда жұмыспен өтеу да мөлшерлес болып қалады.

«Естеріңізге сала кетейік, жұмыспен өтеу ұзақтығы — үш жыл. Егер қандай да бір себептермен түлек грантты өтегісі келмесе немесе жұмыс істей алмаса, онда ол ақшаны мемлекетке қайтаруы керек» деп ескертеді орталықтан.

Другие новости

Back to top button