ГлавноеОбразование

Оқу-ағарту министрі соңғы қоңырауға байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстандағы мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, биыл мектеп оқушылары үшін сабақ 25 мамыр күні бітеді. Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміздегі барлық мектеп 24 мамыр күні «Білімім Отаныма» атты тақырыпта сынып сағатын өткізетіні хабарланып отыр. Ал, соңғы қоңырау шарасына тек 11 сынып оқушылары қатысады. Министр бұл ретте түлектер мен ата-аналар, сондай-ақ ұстаздар соңғы қоңырау шарасын «мәдениетті өткізеді» дегенге сенім білдірді.

«Биылғы жылдың түлектері аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапсыз, даңғазасыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндеріне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз», — деді Ғани Бейсембаев.

Другие новости

Back to top button