Госорганы
Оқиға орнына санитарлық авиация борттары аттанды – Әлназарова Ақтау маңындағы ұшақ апаты жайлы
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтау маңындағы апат орнына санитарлық авиация мамандары аттанатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Қазір оқиға орнына травматолог, нейрохирургтар сынды мамандарды жеткізуге санитарлық авиация борттарын дайындадық. Оқиға орнында да көмек көрсетеміз, егер қажет болған жағдайда тасымалдауды жүзеге асырамыз», — деді Әлназарова.
Еске салсақ, Ақтау қаласының маңында ұшақ апатқа ұшырады.Бұны Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметі растады.Алдын ала болжам бойынша, ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған және «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі. Оқиға орнындағы өрт толығысмен сөндірілді. Әуе борртында 67 адам болған деп болжанып отыр.