Культура

«Оны екі ай көрмедім»: Гитарист Ақсұңқардың жұбайы, әнші Арайлым Әбілсейіт ажырасқандарын мәлімдеді

Желіде танымал отбасылық өнерлі жұпқа айналған гитарист Ақсұңқардың жұбайы, әнші Арайлым Әбілсейіт жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Айта кетейік, өнер иесі шілде айында жүкті екенін сүйіншілеп, екінші рет ата-ана болатындарын жеткізген еді.

“Біз балаларымыз үшін дос болып қаламыз. Бірақ осымен біздің жол екіге кетті. Қазір не үшін екенін ештеңе айта алмаймын. Десе де отбасы деген ұғымды түсіне алмаған, бағалай алмаған еркекке айтарым: «Енді бізге жолама», – деп ашуланды блогер.

Айтуынша, күйеуімен бірге тұрмайтын көрінеді. Тіпті қызына да жиі келмейтінді шығарған.

“Оны екі ай көрмедім. Кеше Алматыға келді, бірақ үйге келмеді. Мен ұйықтамай, тамақ істеп күтіп отырдым. Мүмкін келіп қалар деп ойладым. Түскі бірде келді. Қызы соншама алдынан жүгіріп шыққанда бір шоколад та жоқ. Көңілім қалды. Менімен қалай сөйлескенін көрсетпей-ақ қояйын. Мен өзім және қызым Ақжүрек үшін жұмысымды істей беремін. Бірақ Ақсұңқар, қызыңды кез келген уақытта көре аласың. Мен қызымның әкесін жек көріп өскенін қаламаймын. Әзірге айтарым осы… Қанша уақыт бойы Ақсұңқардан неге хабарласпайсың, неге көңіл бөлмейсің деп өзім сұрап алатынмын. Қадірімді түсіне алмаған адамға қашанғы олай жалынып жүремін. Енді бәріне сәттілік. Бәрі бітті», –  деп жазды әнші.

Еске салайық, өнер өкілдері осыдан үш жыл бұрын да екіге айырылып, қайта қосылғандарын айтқан еді.

Другие новости

Back to top button