Социум
«Оңтүстікте 20-25 градус жылы»: алдағы күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК 11-13 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамынша, Еуропалық антициклонның әсерінен жаңа жұмыс аптасының басында Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтауы және күндізгі температураның жоғарылауы күтіледі. Дегенмен елдің батысына Қара теңіз аудандарынан келетін тағы бір циклон әсерінен күн бұлтты болып жаңбыр жаууы да ықтимал. Өңірде ауа температурасы +10+18 градусқа дейін біртіндеп төмендемек. Ал Қазақстанның солтүстігінде және орталығында күндізгі уақытта 15-20, шығыста 13-18, оңтүстікте 20-25 градусқа дейін жылы болмақ.