ӨМІР СЫЙЫ: ФЕТАЛДЫ МЕДИЦИНА ДЕНІ САУ БАЛАЛАРДЫҢ ТУУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанда ұрықтың құрсақішілік ауыр патологиялармен бетпе-бет келген болашақ аналар медициналық көмекке үміті болмады. Немесе құрсақішілік ота жасату үшін шетелге шығу үшін миллиондаған қаражат іздеуге мәжбүр болды. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Елімізде феталды медицина қарқынды дамып келеді, ал күрделі оталар енді Астана мен Алматыда жасалып, балалардың өмірі мен денсаулығын сақталуда.
Егіз баласының өмірге келуін күткен Ырысжан да осындай күй кешті. Жүктіліктің 24-ші аптасында оған фето-феталды трансфузиялық синдром — егіздерінің өміріне қауіп төндіретін сирек тамыр аномалиясы диагнозы қойылған. Бұл диагноз қасіретті үкім болар еді, бірақ феталды хирургияның арқасында балалар Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында дені сау болып дүниеге келді.
Қазақстан медицинасындағы революция
Қазақстанда феталды медицина 2023 жылы белсенді дами бастады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі AYALA қайырымдылық қорымен бірлесіп дәрігерлерді оқытуды ұйымдастырды және Алматы мен Астанада екі мамандандырылған феталды медицина бөлімшесін ашты.
«AYALA қоры көптеген жылдар бойы мемлекетке балалардың туғаннан бастап мүгедектік деңгейін төмендетуге көмектесіп келеді. Біз феталды хирургия елімізге көмектеседі және қажет деп сендік. Сондықтан біздің көпжылдық тәжірибемізді дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін үздік шетелдік практиктердің көмегімен феталды хирургтер тобын дайындау үшін пайдаландық. Бүгінде қазақстандық феталды хирургтер анасының ішінде өсіп жатқан нәрестенің өмірі мен денсаулығын құтқаратын күрделі оталарды дербес жасайды», — дейді AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.
Технология мен адамдардың табысы
2024 жылдың жазында Қазақстанда халықаралық сарапшылардың қатысуымен алғашқы құрсақішілік ота жасалды. Қазір қазақстандық дәрігерлер оларды өз бетінше табысты жасап жатыр. «Феталды хирургия» жобасының бір жылғы жұмысы нәтижесінде елімізде 35 ота жасалды, соның арқасында 32 нәрестенің өмірі құтқарылды. Таяу болашақта бұл сан жылына 150 отаға дейін өседі.
Бірақ ұрықтың патологиясын дер кезінде анықтау үшін ота жасап қана қоймай, диагностиканы да жетілдіру қажет. AYALA қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен УДЗ мамандары мен акушер-гинекологтардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.
«Ұрықтың патологиясын ерте диагностикалау – феталды хирургтердің ұрықтың патологиясын табысты емдеуінің негізгі факторы. Проблема неғұрлым ерте анықталса, қажетті құрсақішілік түзету жүргізу арқылы баланың өмірін құтқару мүмкіндігі соғұрлым көп болады. Біз қазақстандық дәрігерлерге арналған AYALA қорының білім беру жобаларын қолдай отырып, осыған көмектесуге қуаныштымыз», — деп атап өтті «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанова.
Әрбір әйел үшін медицинаның қолжетімділігі
Ұрықтың дамуындағы кемістіктерді ерте диагностикалаудың қазіргі заманғы технологиялары Қазақстанда жыл сайын нақтыланып қана қоймай, қолжетімді болып келеді. Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің 15 өңірінде жүзеге асырып жатқан «Бір күн клиникасы» жобасы ұрықтың генетикалық патологиясын ерте кезеңде анықтауға көмектеседі. Алматыда AYALA қайырымдылық қоры мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен мұндай клиника 3,2 мың әйелді қабылдап, туа біткен патология қаупі жоғары 151 жүктілікті анықтады. Бүкіл ел бойынша МӘМС есебінен 30 мың болашақ ана тереңдетілген генетикалық диагностикадан өтті.
Бұл бастамалардың барлығы басты мақсат – Қазақстанда әрбір отбасында дені сау баланың өмірге келуі үшін жұмыс істейді. Феталды хирургия және алдыңғы қатарлы диагностика бұрын медицина әлсіз болған жерде болашақ балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл мыңдаған әйелдерге дені сау нәрестені қолына алуға үміт сыйлайтын нағыз серпіліс.