Госорганы

«Олар қағаз жүзінде бар, ал жөндеу жұмыстарына қатыстары жоқ»: Смайылов жұмыстағы науқаншылықты сынады

Ол екі министрлікке 2 аптада орындауға тиісті тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайыйлов бірқатар мәселені көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Энергетика министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жылу көздерінің жөндеу мерзімдерін ауыстырмай, жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз ету қажет. Индустрия министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Биылғы жобаларды іске асыруға бюджет қаражатын бөлу кезінде бюрократияға жол берілмеу керек. Энергетика министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, жылу энергетикасы жөніндегі заң жобасы шеңберінде бекітілген жөндеу кестесін бұзғаны үшін энергия өндіруші ұйымдардың жауапкершілігін белгілеу мәселесін пысықтауы керек», — деді ол.

Смайылов атағандай, тарифті бекіту кезінде берілген өтініштердің негізділігін және станциядағы нақты жағдайды анықтауға мүмкіндік беретін кешенді тәсіл қажет.

«Энергетика және Ұлттық экономика министрліктері 2 апта ішінде өңірлік электр желілік компаниялардың техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, тәуекелдер картасын әзірлеуі керек. Картада проблемаларды шешу жолдары көрсетілуі тиіс. Өңір әкімдері жылыту маусымына дайындық жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын түгел қайта қарауы қажет. Жыл сайын олардың жұмысында нақты істер емес, науқаншылдық орын алып отыр. Олар қағаз жүзінде бар, ал жөндеу жұмыстарына қатыстары жоқ. Штаб отырыстары әкімдіктерде емес, тікелей объектілерде өтуі керек», — деді ол.

Другие новости

Back to top button