Главное
«Ол тәлім-тәрбие»: Ердоған қолын сүймегені үшін баланы ұрып жіберді (ВИДЕО)

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған кішкентай баланы қолын сүймегені үшін шапалақпен ұрып жіберді. Оқиға отбасыларға баспана кілтін табыстау салтанатында орын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ал бала «қателігін түзеген» кезде президенттен ақша алды.
Президенттің бұл әрекетін көпшілік былай бағалады:
«Дәстүрлері сондай олардың, құрметті адамдардың қолын сүйеді, еркелетіп жай ұрды ғой соны жыр қылып. Ол тәлім-тәрбие, дәстур бойынша амандасу керек дегені. Соны да әсірелеп, ұрған жоқ. Ердағон, жарайсың. Бірінші амандасу керек деп тұр. Еркелетіп ұрды ғой, бетімен қағып, өте жақсы адам, қарапайым халқы үшін бәрін жасаған», — деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Ердоған Түркия әскері кез келген уақытта Израиль аумағына басып кіре алады деп мәлімдеді.