ГлавноеГосорганы

«ӨКМ Операторының» бұрынғы құрылтайшысы Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды

Шынар Мұқтароваға халықаралық іздестіру жарияланған болатын

Антикор «ӨКМ Операторы» бойынша іздеуде жүрген күдіктінің Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын.

«Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды», — делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатыр.

Другие новости

Back to top button